Каспийдің құрғауына мұнайшылар кінәлі ме?

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Каспий теңізінің таяздануына мұнай өндіру тікелей себеп емес. Керісінше, олар теңіздің фаунасы мен флорасын зерттеуге көмектеседі. Сарапшы, Energy Monitor директоры Нұрлан Жұмағұлов осындай пікір білдірді.

«Мұнай өндіру су айдынының таяздануына тікелей әсер ете алмайды (кейбір экологтар тіпті судың өндірілген мұнайдың орнын басатыны туралы теорияларды ұсынады). Балықтардың миграциясына мұнай операциялары сөзсіз әсер етеді (теңіз кемелерінің қозғалысы, құрылыс жұмыстары, түбін тереңдету жұмыстары). Алайда дәл мұнайшылар балық популяциясын сақтаумен, итбалықтардың жағдайын зерттеумен айналысады», – дейді ол.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Каспий теңізінің құрғауы жайлы мәселе көтерген.

«NASA Earth Observatory жерді зондтау мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстанның Каспий теңізі секторындағы су айдыны 7%-ға қысқарған. Ең көп таяздану Атырау аймағында байқалады. Осы қарқын жалғаса берсе, Солтүстік Каспий 75 жыл ішінде жойылып кетуі мүмкін«,– деген еді депутат.

Ол Каспий теңізінің таяздануы, флорасы мен фаунасының нашарлауына мұнайшыларды кінәлаған еді. Теңіздегі экологиялық ахуалдың  ушығуына мұнай компанияларын кінәлады. NCOC және Теңізшевройл сияқты ірі мұнай компанияларын экологиялық нормаларды елеп-ескермейді деп  айыптады.

Сондай-ақ оқыңыз