Brent бірден 5 долларға арзандап, 65 доллардан төмен түсіп кетті

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: kursiv.media архивінен

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бір тәуліктің ішінде бірден 5 долларға арзандады. 4 сәуірде, Астана уақытымен сағат 17.00-де Brent-тің 1 баррелі 64, 880 доллар тұрады. Мұнай әлі де арзандап жатыр.

Мұнайдың арзандауына бірнеше фактор себеп болды:

  • Ең бастысы – АҚШ президенті Дональд Трамптың 3 сәуірге қараған түні жариялаған жаңа тарифтері және содан туындаған салық соғысы.
  • OPEC+ елдері кеше 2025 жылғы мамырда мұнай өндірісін тәулігіне 411 мың баррельге дейін өсіруге келісіп, Brent бірден 5%-ға арзандаған.
  • Ал бүгін, 5 сәуірде Қытай АҚШ-қа қарсы қосымша 34% баж салығын енгізіп, мұнайдың 1 баррелі тағы 6%-ға түсті.

«Нарық қансырап жатыр. Соған қарағанда, бұдан да ауыр салдары болатын сияқты. Өйткені қарқын алған сауда соғысы АҚШ экономикасын рецессияға әкеп соқтыратындай», – дейді Pictet Asset Management бас стратегі Лука Паолини Bloomberg агенттігіне.

Инвесторлар әлем экономикасы одан сайын құлдырап, мұнайға сұраныс арта ма деп қауіптенеді.

Сондай-ақ оқыңыз