Трамп 5 млн доллардың алтын картасын көрсетті
Жарияланды

Президент Дональд Трамп Құрама Штаттар экономикасына үлес қосқаны үшін берілетін алтын картаны көрсетті. The Trump Card құны – 5 млн доллар.
Трамп Air Force One бортындағы журналистерге ауқатты шетел азаматтарына сатылып жатқан алтын картаны көрсетті. Мұндай карта EB-5 визасын, яғни инвестициялық грин-картаның орнын алмастырады.
АҚШ президентінің айтуынша, ауқатты адамдар АҚШ-қа барып, осындай картаны сатып алса, онда оларға Америка азаматтығы берілуі мүмкін.
Наурыз айында АҚШ сауда министрі Говард Лютник бір күнде 1 мың алтын карта сатылғанын мәлімдеген. Карта саудасынан түскен қаражат Құрама Штаттар берешегін жабуға жұмсалады. Трамп дәл осындай 1 млн карта сатқысы келеді.