Зергерлік бұйымдарды сату ережесі өзгерді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Заң талаптарын бұзғандарға айыппұл салынады / фото: shutterstock

Қазақстанда зергерлік бұйымдарды сатуға қойылатын талаптар күшейтілді. Енді сынамалау таңбасы жоқ өнім сатқандар заң алдында жауап береді.

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, мұндай шара тұтынушы құқықтарын қорғау және зергерлік нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Ел аумағында сынамалау таңбасы, сонымен бірге сынама палаталарында (сынақ зертханаларында) бұйымға сараптама жүргізілгенін растайтын атаулы белгінің бедерінсіз өнім сатуға жол берілмейді.  

Зергерлік бұйымдарды сату ережелерін бұзғандарға 190 мың теңгеден бастап 580 мың теңгеге дейін әкімшілік айыппұл салынады. Заң қайта бұзылған жағдайда  айыппұл сомасы ұлғаяды.

Жаңа ереже 2025 жылғы 13 наурыздан бастап күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыз