Атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға учаскелік комиссия мүшелері көмектесткен – министр

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындау бойынша 458 іс тергеліп жатыр / Коллаж: kursiv.media архиві

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындау бойынша 458 іс тергеліп жатыр. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.

Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындау ісінде учаскелік комиссия мүшелерінің тікелей қатысты бар. Уәкілетті органдар геокодтарды пайдалану арқылы заң бұзушылықтар барын анықтаған.

«Өтініште көрсетілген мекенжай бір, ал тексеру басқа мекенжай бойынша жүргізілген. Егер тұрғын үйдің геокоды, жылжымайтын мүлік объектісінің координаттары мен тексеру суретіндегі геокод сәйкес келмесе, жүйе бұл төлемдерді тағайындауға жол бермейді», – деп түсіндірді Жақыпова мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырыстың кулуарында.

Министр тексеру әлі де жалғасып жатқанын айтады. Десе де Жақыпова қазіргі уақытта әлеуметтік төлемдерді шын мәнінде көмекке мұқтаж қазақстандықтар ғана алып жатыр деп сендірді.

Еске салып өтейік, атаулы әлеуметтік көмек алатындардың есепшоттарындағы қаржы операциялары Open API жүйесі арқылы тексеріледі. Үкімет 2025 жылдың 11 қаңтарынан бастап пилоттық жобаны іске қсоқан болатын.  

Сондай-ақ оқыңыз