Hands OFF: Құрама Штаттарда Трамп пен Маск саясатына қарсы акция өтіп жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Құрама Штаттарда Hands OFF наразылық акциялары өтіп жатыр / фото: Christopher Mark Juhn/REUTERS

Құрама Штаттарда президент Донольд Трамп пен Илон Маск саясатына қарсы Hands OFF/Қолыңды тарт наразылық акциялары өтіп жатыр.

Reuters мәліметінше, АҚШ-тың 50 штатында және әлемнің басқа да қалаларында 1200 наразылық акциясы жоспарланған. Бұл оппозицияның Трамп биыл қаңтарда билікке келгелі бері ең ауқымды акциясы.

Мыңдаған адам Вашингтон орталығына қарай ағылды. Олар Трамп пен оның жақтастары қабылдаған көптеген шешімге наразылық білдірді.

Адамдар «АҚШ-та патшаға орын жоқ», «Макстің өзін депортациялаңдар» деп жазылған плакаттар ұстап шықты.

Трамптың қолдауына ие болған Маск департаменті АҚШ үкіметін тексеріп шығып, 2,3 млн федералдық қызметкердің ішінен 200 мыңнан аса жұмыс орнын қысқартып шықты. 4 сәуір Салық қызметінде 20 мыңнан аса адамды қысқарту басталды.

Осыған ұқсас наразылық акциялары Канада мен Мексикада да өтіп жатыр.

Еуропада тұратын жүздеген америкалық та наразылық акциясына қосылып, Берлин, Франкфурт, Париж және Лондон қалаларында Трамптың ішкі және сыртқы саясатына қарсылығын білдірді. Олар «Тиранға қарсы тұрыңдар», «Заң үстемдігі жасасын», «Демократияны құтқарыңдар» деп ұрандатты.

Сондай-ақ оқыңыз