Алматы әуежайында қызды кепілге алған ер адамға қатысты сот басталды

Алматыда әуежайда бойжеткенді кепілген алған ер адамға қатысты іс бойынша сот басталды. Ақпаратты Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі растады деп хабарлайды Kursiv.Media.
Іс Түрксіб ауданы сотында офлайн форматта қаралып жатыр.
Оқиға 2025 жылдың 7 наурызында болған. Алматы әкежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 11:45 шамасында өзін жолаушы ретінде таныстырған ер адам ішкі терминалдағы (Т1) рейс алдындағы тексеру аймағына келген. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің скрининг қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұраған. Оған жауап ретінде ер азамат скрининг офицерін шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастаған.
Содан кейін әуежайға туыстарын шығарып салуға барған Мұса Әбдірайым есімді азамат ер адамның қаруын тартып алған. Ол бастапқыда әуежай қызметкерінің орнына өзін кепілге алуды ұсынған. Бұл жағдайға бірден президент те назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында болған оқиғада ерлік танытқан адамды наградаға ұсынуды тапсырды. Сол күні Мұса Әбдірайымов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.