
Мамыр айында демалыс күні ретінде танылған үш бірдей мейрам бар. Оның үстіне биылғы мамырда сенбі бес рет келеді. Бұл бес күн істейтін қазақстандықтардың демалысын көбейтеді.
Мамыр айындағы қызыл даталар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні бейсенбіге, 7 мамыр – Отан Қорғаушы күні сәрсенбіге, 9 мамыр – Жеңіс күні жұмаға келіп тұр. Бұл күндері ресми демалыс.
7, 9 мамыр арасында бір күн ғана жұмыс күні. Алайда ол жылжытылып, демалыс күндер қатар қойылмайды. 8 сәуір жұмыс күні болып қала береді.
Сондай-ақ биыл сенбі 5 рет болады. Сәйкесінше, бес күн істейтіндер жалпы жиыны 12 күн, 6 күн істейтіндер 7 күн демалады.
Былтырғы мамырда бес күн істейтіндер 11 күн демалған.
Ал осы сәуір айында қосымша демалыс күндер қарастырылмаған.