Audi АҚШ-қа автомобиль жеткізуді уақытша тоқтатты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Audi АҚШ-қа автомобиль жеткізуді уақытша тоқтатты
Audi АҚШ-қа автомобиль жеткізуді уақытша тоқтатты/Фото: Lars Penning / dpa

Неміс автокөлік өндірушісі Audi Америка Құрама Штаттарына автомобиль жеткізуді уақытша тоқтатты. Бұл туралы Spiegel басылымы компания өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

«2 сәуірден кейін АҚШ-қа келген барлық көлік әзірге ұсталып тұрылады және дилерлерге берілмейді», – деп жазады Spiegel.

Автоөндіруші дилерлерін қоймадағы қорларын азайтуға шақырған. Қазіргі уақытта Audi-дің АҚШ-та 37 мыңнан астам автокөлігі бар, оларға жаңа баж салығы әсер етпейді және сондықтан олар сатуға жарамды. Компанияның баспасөз хатшысының айтуынша, бұл қор шамамен екі айға жетеді.

Басылымның түсіндіруінше, Audi-дің АҚШ-та өз өндірісі жоқ, барлық көлік шетелден әкелінеді. АҚШ-тағы ең танымал модель – Audi Q5 Мексикадағы зауытта құрастырылады, ал қалған автокөліктер Германия, Венгрия және Словакиядағы зауыттарда шығарылады.

Бұған дейін Volkswagen концерні АҚШ-тағы дилерлеріне жаңа баж салығы шығындарын автомобиль бағасына қосатыны туралы ескерткені хабарланған. Сонымен қатар Мексикадан теміржол арқылы көлік жеткізу уақытша тоқтатылып, Еуропадан жіберілген көліктер портта кідіріп жатқаны айтылған.

2025 жылғы 2 сәуірде Дональд Трамп АҚШ-тың шетелдік сауда серіктестеріне қатысты жаңа тариф енгізілетінін жариялады. Бастапқы баж мөлшері 10% деңгейінде белгіленіп, ол 5 сәуірден бастап күшіне енді. Ақ үй жариялаған кестеде Қазақстан үшін белгіленген тариф мөлшері 27%-ды құрады. Бұл – Орталық Азия елдерінің ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Сондай-ақ оқыңыз