Apple әлемді аузына қарата ала ма: ерекше iPhone жасалып жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Apple әлемді аузына қарата ала ма: Мерейтойлық Iphone жасалып жатыр
Apple әлемді аузына қарата ала ма: мерейтойлық Iphone жасалып жатыр/Фото: Notebookcheck

Apple компаниясы iPhone-ның 20 жылдығына арналған үлкен редизайн жасауды жоспарлап отыр.

iPhone 10 кезіндегі елеулі өзгеріс

2017 жылы, яғни iPhone-ның 10 жылдығына орай, Apple алғаш рет «Home» түймесін алып тастап, толық әйнекті экранмен шыққан iPhone X моделін ұсынған. Бұл – бағасы 1000 доллардан асқан алғашқы iPhone болды. Тим Кук сол кезде «бұл құрылғы келесі онжылдыққа бағыт береді» – деп мәлімдеген еді.

Ірі редизайн

Енді, сол онжылдықтың аяқталуына байланысты Apple тағы бір ірі редизайн жасауды көздеп отырғаны туралы ақпарат тарауда. Бірақ бұл жолғы өзгеріс iPhone X-пен салыстырғанда пайдаланушыларға мүлдем жаңа басқаруға үйренуді талап етпейді деп болжануда.

Әйнектен iPhone

Толығымен әйнектен жасалған дизайн жайлы болжамдар қазіргі кезде тарап жүрген iPhone 17 Pro моделінің корпусында әйнек көлемінің артуы мүмкін деген ақпаратпен сәйкес келеді. Сонымен қатар, iOS 19 интерфейсінің де «әйнекті» дизайнмен ерекшеленуі мүмкін екені жиі айтылып жүр.

iOS 19 ресми түрде 2025 жылғы маусымда WWDC конференциясында таныстырылады деп күтілуде. Ал iPhone 17 Pro 2025 жылғы қыркүйекте ұсынылады. Яғни, бұл 2027 жылғы модельге емес, келесі жылдың өнімдеріне қатысты.

«Сондықтан Apple компаниясы жаңа аппараттық және бағдарламалық дизайнды iPhone 17, 18, 19 және 20 модельдері бойынша біртіндеп енгізуі – екіталай» делінеді Bloomberg есебінде.

Дегенмен толығымен әйнектен жасалған iPhone туралы қауесет 2017 жылдан бері айтылып келеді. Сол жылы да – яғни iPhone-ның 10 жылдығында – осындай құрылғы шығарылады деген болжамдар болған.

Жиналатын iPhone

Бұған қоса, Apple қатталып-жиналатын iPhone (iPhone Fold) моделін дәл осы 20 жылдыққа арнап шығаруы мүмкін деген де ақпараттар бар. Бұл – бұрынғы шығарылым уақытына қатысты қауесеттерге сай келеді. Жақында ғана сарапшы Джефф Пу Apple 2026 жылы қатталатын iPhone мен iPad ұсынатынын мәлімдеген.

Егер Apple 2027 жылы, яғни iPhone-ның 20 жылдығында редизайнды жүзеге асырса, жаңа модель қыркүйек айында ұсынылады.

Бұған дейін, АҚШ президенті Дональд Трамптың сауда соғысы салдарынан iPhone бағасы екі есеге қымбаттауы мүмкін екені айтылған.

Сондай-ақ оқыңыз