«Меломанның» қожайыны ауысқаннан кейін, Хәрри Поттер жоғалып кетті. Себебі неде

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
«Меломанның» қожайыны ауысқаннан кейін Хәрри Поттер жоғалып кетті, себебі неде
«Меломанның» қожайыны ауысқаннан кейін, неге Хәрри Поттер жоғалып кетті/Фото: Яндекс Карты

Наурыз айының соңында «Меломан-MARWIN» дүкендер желісінің иеcі ауысқан соң, ондағы кей тауар жоғалып кеткеніне байланысты әлеуметтік желіде талқы туды. Осы ретте Aqniet Group компаниясының маркетинг директоры Салтанат Нұржанова дүкен сөрелерінен не кетіп, не қалатынын түсіндірді.

Мән-жайы

Желіде көптеген адам «Хәрри Поттер» кітаптары дүкен сөрелерінен жоғалып кетті, ал сүйікті мармеладтар сатылмай қалады» деп алаңдады. «Енді сапалы LEGO конструкторларын немесе винил пластинкаларын сатып алатын жер қалмайды» деп шағымданды.

«Меломан» «Гарри Поттерді» сата бере ме

«Шын мәнінде, «Гарри Поттермен» байланысты жағдай өте тұрақты. Бұл кітап жылдар бойы біздің бөлшек сауда желісінде ең көп сатылатын кітаптардың бірі болып келеді. Ол бұрын да сатылған, әрі қарай да сатылады», – деді Нұржанова.

Оның айтуынша, сатылымның ең қызатын уақыты – қыркүйектен қаңтарға дейін. Сондықтан күзгі маусымға орай дүкенге «Гарри Поттерге» байланысты тауарлар көптеп әкелінеді. Ал әлеуметтік желілерде жарияланымдар шыққан сәтте өнімдер жай ғана сатылып кеткен.

Таро карталары қаншалықты танымал

Таро карталарының болашағы бұлыңғырлау. Олар дүкен сөрелерінен алынып тасталуы мүмкін.

«Мен бұл тауарлар мүлде өтпейді деп айта алмаймын. Оны сатып алатын белгілі бір аудитория бар. Бірақ бізде тауарды сақтау мерзімі бар – мысалы, 200 күн. Егер өнім қоймада осы уақыттан артық жатса, біз үшін оның пайдасы азаяды, сондықтан бұл санатты сату тиімді болмай қалады», – деп түсіндірді ол.

Мармеладтың жағдайы не болады

«Бұл бағыт қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Яғни бізде барлық мармелад өнімдері бұрынғыдай сатыла береді», – деді спикер.

Меломан қожайынының ауысуы

2024 жылдың соңында «Меломан» холдингінің негізін қалаушылар мен қожайындары Александр мен Игорь Дериглазовтар активтерінің шамамен 50%-ын Aqniet Group компаниясына сатқан. Бұл компанияның басты акционері – Қайрат Итемгенов.

Сондай-ақ оқыңыз