Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

Жақсылық Омар ескі де жаңа қызметі – ШҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов желідегі парақшасында мәлім етті.
«Бүгін Жақсылық Омарды өзімнің бірінші орынбасарым етіп тағайындадым. Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Өңірдің барлық мәселелері мен тұрғындарының мұң-мұқтажы оған жақсы таныс. Оның жаңа, әрі жауапты қызметке өз білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін» – делінген әкім жазбасында.
Жақсылық Омар былтыр Өскемен қаласын алты жыл басқарғаннан кейін, ШҚО әкімінің кеңесшісі болып тағайындалған. Ол кезде облысты Ермек Көшербаев басқарып тұрған. Енді міне, өзі 2013-2016 жылдары атқарған қызметіне оралып отыр. Жақсылық Омар 2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарғаны болмаса, кәсіби карьерасы негізінен шығыста өтіп жатыр.