Желіде «Қожаның» рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаевтың еміне ақша жинап жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Нұрлан Сегізбаев бүгінде ауыр дертпен күресіп жатыр / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Әйгілі Қожаның рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев бүгінде ауыр дертпен күресіп жатыр. Бұл туралы журналист Жанар Қанафина жариялады.

«Нұрлан ағамызға дәрігерлер өкпенің созылмалы обструктивті ауруы – ХОБЛ-дың 4-дәрежесі диагнозын қойған. Мамандар жарты жылдай ғана өмір сүру мүмкіндігін айтып отыр», – деп жазды Канафина.

Актердің жағдайына бей-жай қарай алмаған жұртшылық қаржылай көмек көрсетуді қолға алған. Жанар Қанафина өз парақшасында көпшілік сұрауына орай Kaspi Gold нөмірін бөлісті.

Сонымен бірге журналист жұртты Нұрлан ағаның өзіне хабарласып, мазасын алмауға шақырды.

Отбасының жағдайы да күрделі: актердің жұбайы жақында ғана операциядан шыққан, ал ұлы аутизммен күресуде. Осындай ауыр сәтте елдің демеуіне мұқтаж отбасыға көмек қолын созамын дегендерге мүмкіндік бар.

1967 жылы туған Нұрлан Сегізбаевты көрермен «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаның рөлі арқылы жақсы таниды. Бұл рөл актерге бала кезінен-ақ танымалдық әкеліп, ел есінде сақталды.

Сондай-ақ оқыңыз