Ақмола облысында су тасқынынан құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ақмола облысында бірнеше ауылды су басты / фото: ТЖМ

Ақмола облысы, Астрахан ауданына қарасты Старый Колутон ауылы су тасқыны салдарынан көлік қатынасынан ажырап, оқшау күйде қалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары қарқынды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Өзен суының көтерілуіне байланысты ауылмен байланыс тек моторлы қайықтар арқылы жүзеге асып жатыр. Соңғы тәулікте құтқарушылар 21 адамды, оның ішінде жүкті әйелдерді де қауіпсіз жерге жеткізді.

Апат аймағына ҚР ТЖМ вице-министрі Рамиль Камалов арнайы барып, жүргізіліп жатқан шаралардың барысын тексерді.

Жағалауды бекіту – басты міндет

Қазіргі таңда тасқынның алдын алу мақсатында 1000-нан астам қап инертті материалдармен жағалау бекітіліп, 300 текше метр су сорылып алынды. Сонымен қатар қауіпсіз аймаққа 21 бас ірі қара мен 100-ге жуық қой шығарылды.

Құтқару жұмыстарына 70-тен астам адам, оның ішінде ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және волонтерлер жұмылдырылған. Сондай-ақ 20 арнайы техника іске қосылған.

Қауіпсіздік шаралары мен су тасқынының алдын алу шаралары тоқтаусыз жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бұланды ауданына қарасты ауылдардан жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Сондай-ақ оқыңыз