Бұрынғы Әділет министрі Үндістан елшісі болып тағайындалды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Азамат Есқараев Қазақстанның Үндістандағы елшісі болып тағайындалды / Фото: t.me/adiletgovkz

Экс-министр Азамат Есқараев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Үндістан республикасының елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент екі елдің төтенше және өкілетті елшілерін ауыстырған. Тоқаевтың жарлығымен Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылып, орнына
Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев тағайындалған.

Басқа елге ауыстырылғаны себепті Нұрлан Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылған. Оның орнына бұрынғы Әділет министрі Азамат Есқараев тағайындалған.

«Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз