Оңтүстік Кореяда жазда президент сайлауы өтеді

Оңтүстік Кореяда жазда президенттік сайлау өтеді. Ел үкіметінің жазда сайлау өткізу туралы шешім қабылдағаны туралы Yonhap басылымы хабарлады.
Үкімет бұрынғы президент Юн Сок Ёлдің орнына жаңа президент сайлау мезгілін 3 маусымға белгілеген. Үкімет президент кандидатын осы аптада ұсынатыны жазылған.
«Президент міндетін атқарушы Хан Док Су президент кандидатын сейсенбіге жоспарланған Министрлер кабинетінің отырысында бекітуді жоспарлап отыр», – деп жазады басмылым.
Үкіметтің жоспары туралы ақпараттық агенттікке билікке жақын дереккөзі хабарлаған.
Оңтүстік Корея елінің заңына сәйкес, президенттік сайлау президент қызметінен кеткен соң, 60 күннен кейін өту керек. Оған сәйкес өз кандидаттығын ұсынатын мемлекеттік қызметкер президенттік сайлауға дейін 1 ай бұрын мемлекеттік қызметтен кетіп, 12 мамырдан бастап, сайлауалды компаниясын жүзеге асыруға тиіс.
Импичмент
Еске сала кетсек, бұрынғы президент Юн Сок Елге импичмент жарияланып, 4 сәуір күні Конституциялық соттың шешімімен биліктен қуылған болатын. Экс-президент 2024 жылдың 3 желтоқсанында елде әскери жағдай жариялап, өз қызметіне нұқсан келтірді. Ел парламенті 6 сағаттан кейін президент шешімінің күшін жойды. Бұдан кейін оппозиция президенттің негізсіз халықты дүрліктіргенін алға тартып, импичмент жариялайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар президенттің үстінен тергеу басталды.