Қырғызстан Ыстықкөлге қатысты Қазақстанмен арадағы жалға беру туралы келісімді бұза алады

Қырғызстан Ыстықкөлге қатысты Қазақстанмен арадағы жалға беру туралы келісімді бұза алады. Бұл туралы Қырғызстанның 24 kg басылымы хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, Қырғызстанның Экономика және сауда министрлігі Қазақстанның Ыстықкөлдегі демалыс орындарын пайдалануға қойылатын талаптарын қатайтуды көздейтін келісімді Жогорку Кенештің қарауына ұсынған. Құжатқа екі тараптың тиісті түзетулері енгізілетіні жазылған. Келісімге сәйкес Қазақстан тарапы иелік ететін «Қазақстан», «Самал», «Университет» орындарының сапасын көтеріп, үш немесе төрт жұлдызды деңгейге дейін көтеру міндеттелмек.
«Бұл құжат Қазақстан тарапы төрт-үш жұлдызды деңгейге көтеру шартымен көрші мемлекеттің меншігіне өткен «Олимп» спорт-сауықтыру орталығына, «Университет» дене шынықтыру-сауықтыру лагеріне, «Самал» демалыс үйіне және Қазақстан шипажайына Қазақстанның меншік құқығын реттеуді көздейді», – делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар қолданыстағы құжатқа сәйкес Қырғызстан талаптарына сәйкес, бұл нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлердің 80%-ы Қырғызстан азаматтары болуы керек. Ал ұсынылып отырған құжатта елдің Экономика министрлігі отельдердегі жергілікті жұмысшылар санын 90%-ға жеткізуді жоспарлап отыр.
Экономика министрлігі Қазақстанның талаптарды орындамаса, Қырғызстанның келісімшартты біржақты тәртіпте бұзуға құқы бар екені айтылады.
Жоғарғы кеңестің бюджет, экономикалық және фискалдық саясат жөніндегі комитеті Экономика министрлігі ұсынған түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдаған.