Solva Group Limited 10 млн долларға облигациялар шығарады
Жарияланды

Solva Group Limited Астана халықаралық қаржы орталығында купондық облигацияларын шығарады. Құны 10 млн доллар болатын құнды қағаздар 16 сәуірден бастап айналымға шығады.
Бір облигация номиналы – 100 доллар, ай сайынғы табысы 10% құрайды. Жалпы көлемі 10 млн долларды құрайды. Облигациялар құнын өтеу мерзімі 2027 жылдың 7 сәуірі деп белгіленген. Құнды қағаздар Freedom Broker арқылы саудаға шығарылады.
Solva Group Limited – Қазақстандағы ірі микроқаржы ұйымдарының бірі, «Астана» қаржы орталығында тіркелген. Былтырдан бері банк болу үшін белсенді дайындық жүргізіп жатыр. Sоlvа Group құрылтайшылары: Борис Батин мен Александр Дунаев. Сондай-ақ сингапурлық Rekemado Pte Ltd және Mutineers Pte Ltd компаниясы.