Қайрат Боранбаевқа тиесілі мұнай компаниясы жекешелендіру жоспарына енгізілді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: коллаж Kursiv.Media / бильд-редактор Ахтам Зиперов

Бұрын олигарх Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған Phystech II мұнай компаниясы 2025 жылғы жекешелендіру жоспарына енгізілді. Бұл компания 2023 жылдың қазанында мемлекет меншігіне өткен еді. Мемлекеттің меншігіне құны 35 млрд теңгеден астам болатын компания акцияларының 100%-ы берілді.

Phystech II — Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнын иеленеді. Алайда компания бұған дейін шығынмен жұмыс істеді. Бұған дейін осы жылдың басында  «Самұрық-Қазына» қорының иелігіне берілген еді. Мұнай компаниясы 8,1 млрд теңгеге бағаланған. Кәсіпорын 2015 жылы Ақтау қаласында тіркелген. Маңғыстау облысындағы Солтүстік «Қаражанбас» кен орнында мұнай мен ілеспе газ өндірумен айналысады.

Жекешелендіру конкурс арқылы немесе мекенжайлық мәміле (адрестік сату) тәсілімен жүзеге асырылмақ.

Компанияның бұрынғы иесі Қайрат Боранбаев «ҚазТрансГаз» қаржысын талан-таражға салғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ оқыңыз