Азияның ең ауқатты азаматтары 46 млрд доллардан айрылды

Азияның ең ауқатты адамдарының байлығы дүйсенбі күні әлдеқайда қысқарды. Себебі құрлық АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген салықтардан әлі ес жия алмай жатыр.
Bloomberg мәліметінше, Tencent Holdings компаниясының негізін қалаушылардың бірі Пони Ма 6,8 млрд доллардан, яғни байлығының 12%-нан айрылды. Үндістан инфрақұрылым магнаты Гаутам Адани $4,2 млрд жоғалтты. Аккумулятор шығарумен айналысатын гонгонгтық миллиардер Робин Ценг $4,1 млрд шығынға ұшырады.
Агенттік дерегінше, Азиядағы ең бай 20 адам барлығы 45,9 млрд доллардан айрылған. Ал MSCI Asia Pacific индексі 8,5%-ға құлдырады.
Қытайдың смартфон шығарумен айналысатын Xiaomi корпорациясы директорлар кеңесінің тең төрағасы Лэй Цзюнь бір күнде 7,8 млрд доллар жоғалтты. Компания акциялары 20%-ға құлаған.
Сауда соғысының көп адамға зияны тиіп жатыр. Өткен аптада ғана әлемнің ең бай 500 адамы айналдырған екі күннің ішінде жарты триллион доллар жоғалтқан.
Бұған дейін біз Маск, Безос, Брин, Цукерберг, Арно секілді әлемнің ең дәулетті адамдары қанша ақша жоғалтқанын жазғанбыз.