Иран әскері жауынгерлік дайындығын күшейтті. Мұсылман елдеріне қандай қауіп төніп тұр

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Иран Түркияға және бірқатар елдерге АҚШ-қа ешқандай қолдау көрсетпеуді ескертті / Фото: kursiv.media архивінен

Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеи елдің қарулы күштерін жоғары жауынгерлік дайындық жағдайына келтіру туралы бұйрық берді.

Еuronews мәліметінше, Иранның алаңдаушылығы артып отыр, себебі АҚШ Тегеранның одақтастары деп есептейтін ұйымдарға қарсы белсенді түрде әрекет етуде. Әңгіме Палестинадағы «ХАМАС» қозғалысы, Ливанның «Хезболла» партиясы және Йемендегі Хусит бүлікшілері жайында болып отыр.  Бұған қоса, Башар Асадтың Сириядағы үкіметінің құлауы да жағдайды одан әрі қиындатып отыр, себебі бұл ел бұрын Ислам Республикасының қолдаушысы болған.

Сондай-ақ Иран араб мемлекеттері АҚШ-қа әскери іс-қимылдар кезінде көмек көрсетуі мүмкін деп алаңдайды. Агенттіктің мәліметінше, Иран Иракқа, Кувейтке, БАӘ-ге, Қатарға, Бахрейнге, сондай-ақ Түркияға ескерту хаттарын жолдаған. Онда АҚШ-тың Ислам Республикасына қарсы кез-келген әскери операцияларына қолдау көрсетсе, оның соңы агрессиялық акт ретінде қаралып, ауыр салдарға әкелетіні айтылған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп аятолла Әли Хаменеиге ядролық бағдарлама мәселесі бойынша келісім жасау ұсынысымен хат жіберген болатын. Сонымен қатар, NBC News арнасына берген сұхбатында Трамп, егер келісім жасалмаса, Иранға бомба жаудыратынын айтып, сес көрсеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз