Астанада судья хатшысына аудио хабарлама арқылы жүгінген ер адам қамауға алынды

Астанада сотқа құрмет танытпаған ер адам 5 тәулікке қамалды. Мұндай шешімді қаланың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қабылдады деп хабарлайды KursivMedia.
Жоғарғы соттың ұйғарымы бойынша азамат Л.-дан сот пен заңды құрметтемегені үшін 78 мың теңгеден астам мөлшерде ақшалай өндіріп алынады.
Әкімшілік сот Жоғарғы соттың ұйғарымы бойынша сот бақылауы шеңберінде Л.-ға сот отырысына келу туралы хабарлама жолдаған. Хабарламаны алғаннан кейін, Л. сот әкімшісі басшысының міндетін атқарушы мен сот отырысы хатшысының WhatsApp мессенджеріне аудио жіберген. Аудио хабарлама оның сот пен судьяға құрмет танытпайтынын көрсеткен.
Осы факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды. Сотта Л. өзінің жеке пікірін білдіргенін түсіндіріп, кінәсін мойындамады.
Сот азаматты әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 653-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.