Туризм және спорт министрі Freedom QJ League жұмысына баға берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
министр спорта
Ербол Мырзабосынов Freedom QJ League жобасы командасымен кездесті/фото: QJ League

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Freedom QJ League жобасы командасымен кездесті. Жиынға Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры және лиганың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов та қатысты деп хабарлайды Kursiv.Media.

Министрге жасөспірімдер футболындағы жаттығу процесін айтарлықтай жақсартуға көмектесетін инновациялық цифрлық платформа – FF Manager таныстырылды. Бұған дейін академия мамандары үшін оқу-жаттығу жұмыстарын тиімді және ыңғайлы жоспарлауға арналған құралдар қолжетімді болмаған. Енді мұндай мүмкіндік бар. Бұл платформа қазақ, орыс және ағылшын тілінде қолжетімді.

Лига президенті Рохус Шох Freedom QJ League жобасы Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен шыққан жас қазақстандық мамандардың қатысуымен жүзеге асып жатқанын атап өтті.

«Кейінгі екі жылда министрлік тарапынан біздің жобаға көрсетіліп жатқан қолдауды жақсы сезініп жатырмыз және бұл қолдауды жастардың өз көзімен көруі өте маңызды. Біз, шын мәнінде, мықты футбол жүйесін құрып, Лиганы одан әрі кеңейте аламыз деп сенемін», – деді Тимур Турлов.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«QJ League жобасы балалар футболына жан-жақты зерттеу жүргізіп, барлық қажетті жағдай жасаған. QJ League қазір тек жарыс өткізіп қана қоймай, сонымен қатар дайындық әдістемелері, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, оларды оқыту, ғылымды футболда қолдану, сондай-ақ ойындарға сараптама жасайтын арнайы камераларды тиімді пайдалану арқылы балалар футболының дамуына үлкен ықпал етіп отыр», – деді министр.

Айта кетейік, 2025 жылдың 19 сәуірінде Freedom QJ League-ның үшінші маусымы басталады.

Freedom QJ League – жарыс өткізіп, балалардың білімін арттырып, аналитикалық талдауда үздік әлемдік стандарттарды қолданатын Қазақстан футболының болашағын қалыптастыруға бағытталған жоба.

Сондай-ақ оқыңыз