J.Lo, Craig David: жазда Астана төрінде тағы кімдер өнер көрсетеді

Жарияланды 8 Сәуір 2025 13:20

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Астана арена
1 тамызда Дженнифер Лопестің концерті өтеді/фото kursiv.media

Астанада 2025 жылдың 1 тамызында америкалық әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Astana Concert компаниясының хабарлауынша, келіссөз жарты жылға жуық уақыт жүргізілген.

«Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азия үшін тарихи оқиға болатын бірегей жоба Дженнифер Лопестің концерті толығымен коммерциялық негізде өтеді. Әншінің Астанаға келуі «А» санаттағы жұлдыздардың Қазақстанда концерт өткізуіне жол ашады», – деп мәлімдеді компания.

Сондай-ақ 2025 жылдың 13 шілдесінде «Астана аренада» ALEM FEST фестивалі өтеді. Бұл іс-шарада британ әншісі Craig David, қазақстандық әнші Sadraddin, Ресей әншісі Ёлка, Беларусь әншісі IOWA, қазақстандық әнші Alem, ресейлік Банд’Эрос музыкалық тобы, ресейлік диджей DJ Groove, поп-орындаушы Доминик Джокер өнер көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов концерт ойдағыдай өтсе, ел бюджетіне 400 млн теңге шамасында салық түседі деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз