«Смартфон, планшет, авто». Кей тауарларды шетелден кіргізуге шектеу қойылады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Кей тауарларды шетелден кіргізуге шектеу қойылады
Кей тауарларды шетелден кіргізуге шектеу қойылады/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Дастан Шанай

Қазақстандықтарға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы смартфон, планшет, зергерлік бұйымдар мен велосипед сияқты бірнеше тауарды елге кіргізуге шектеу қойылады. Бұл туралы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығының жобасында айтылады.

Қандай тауарларға шектеу қойылады

  • Теріден жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі 1 зат қана әкелуге рұхсат;
  • ұялы телефон – бір адамға 2 бірлік;
  • планшет – бір адамға 2 бірлік;
  • портативті алып жүретін компьютер және оған керек-жарақтар (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 бірлік;
  • зергерлік бұйымдар – бір адамға 5 зат;
  • велосипед – бір адамға 1 дана;
  • балалар арбасы – бір адамға 1 дана;

Бұл тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жылына 1 рет қана әкелуге болады.

Өзге де тауарларды айына 1 рет қана кіргізуге рұхсат.

Одан бөлек ЕЭО кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін көлік құралдарын жылына 1 бірліктен көп кіргізген жағдайда, ол кәсiпкерлiк қызмет мақсатына жатқызылатын болады.

Жаңа норма бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

Бұған дейін, Қазақстаннан шетелге қанша ақша алып шығуға болатыны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз