Билік партиясы Үкіметтің бастамасын қолдамады: Amanat депутаттары қосылған құн салығы шегін төмендетуге қарсы

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Amanat партиясы үкіметтің бастамасына неге қарсы шықты/ Фото: партияның баспасөз қызметі

Amanat партиясының депутаттары қосылған құн салығына тіркеу шегін қазіргі 78 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендетуге қарсы. Фракция тіркеу шегін 30 млн теңге деңгейінде бекіту қажет дегене пікірде. Бұған дейін ел үкіметі Cалық кодексіне қосылған құн салығы мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеріп, тіркеу шегін 15 млн теңгеге түсіруді ұсынған.

«AMANAT» партиясы фракциясы осы заң жобасын талқылау барысында ҚҚС тіркеу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуге қарсылық білдірді. Олардың пікірінше, бұл шара шағын және орта бизнестің өмір сүруіне қауіп төндіреді және бизнес қазірдің өзінде көлеңкелі экономикаға ауысады.

Фракцияның ұсынысы бойынша, ҚҚС тіркеу шегін кем дегенде екі есе арттырып, 30 млн теңгеге дейін көтеру қажет.

Сонымен қатар, депутаттар 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімін ҚҚС-тен босатуды ұсынды. Кітап басып шығару, археология және анимация салаларындағы кәсіпорындар да салықтан босатылуы керек деп санайды.

Депутаттар денсаулық сақтау және банк қызметтеріне ҚҚС енгізу мәселесіне де қарсы пікір білдірді. Олардың айтуынша, мұндай өзгерістер бағаны көтеріп, халықтың қалтасыман салмақ салады.

Салық режимдерін сақтау

Одан бөлек, AMANAT партиясы арнайы салық режимдерін сақтауды талап етті. Бұл ретте партия бөлшек салық режимін сақтау керек деп санайды, сонымен қатар, бизнес түрлерін реттеуде «рұқсат беру» тізімін «құрылымдық тыйым салу» тізіміне ауыстыруды ұсынды.

Партия өңдеуші өнеркәсіп үшін корпоративтік табыс салығын 20%-дан 10%-ға дейін төмендетуге де қарсылық танытты. Бұл шара бюджетке 94 млрд теңге шығын келтіруі мүмкін және инвестициялардың өсуін қамтамасыз етпейді, ал жалған компанияларды құруға алып келуі мүмкін.

Салық жеңілдіктері

Депутаттардың пайымдауынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпкерлерге берілетін 70%-дық ҚҚС жеңілдігі өзгеріссіз қалуы керек, өйткені бұл жүйе тиімді деп саналады. Сонымен қатар аграрлық өнімдерді экспорттаушылар үшін ҚҚС қайтарымдары тек нақты төленген сома бойынша жүзеге асырылуы қажет.

Үкімет Салық кодексі жобасында ҚҚС-ке тіркеу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендету, ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеру, өңдеуші өнеркәсіп үшін корпоративтік табыс салығын 10%-ға дейін төмендетуді ұсынды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласына ҚҚС енгізу мен салық жеңілдіктерінің 128 түрін жою мәселелері талқыланып жатыр.


Сондай-ақ оқыңыз