Құлыбаевқа тиесілі компания директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ) бұрынғы топ-менеджері Азамат Темірғалин «Кристалл Менеджмент» мұнай компаниясының директорлар кеңесінен өз еркімен шықты. Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасында (KASE) ресми хабарлама жариялады.

Хабарламада көрсетілгендей, Темірғалин компанияның директорлар кеңесінен 2025 жылдың 2 сәуірінен шыққан. Нәтижесінде компанияның директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: Асқар Аубакиров, Сәуле Кишкімбаева, Даулет Сайзинұлы, Елдос Райжанов және Бахтияр Балжанов.

Темірғалин «Кристалл Менеджмент» директорлар кеңесіне 2024 жылдың мамыр айында қосылған болатын. Ол директор кеңесінің құрамында 2026 жылдың 2 қарашасына дейін жұмыс істеуі тиіс еді.

Азамат Темірғалин 2020-2021 жылдары ПНХЗ-дағы коппурцияға қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі болған.

«Кристалл Менеджмент» 2014 жылы қазіргі Ұлытау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының аумағында көмірсутек барлау бойынша келісім-шартқа қол қойып, кейін келісімдерді ұзартқан. Компания 2021 жылы 28,6 мың тонна, ал 2022 жылы 12,2 мың тонна мұнай өндіріп сатты.

2024 жылдың сәуір айында «Кристалл Менеджмент» Қызылорда облысындағы Солтүстік Майбұлақ, Оңтүстік-шығыс Досжан және Батыс Қоныс алаңдарында геологиялық барлау жұмысын бастағанын хабарлады.

«Кристалл Менеджмент» компаниясының 51% акциясы Тимур Құлыбаевқа тиесілі Joint Resources компаниясына тиесілі. қалған үлесі бірнеше инвесторлардың еншісінде. Форбс мәліметі бойынша, Тимур Кулибаевтың капиталы 5,2 миллиард долларды құрайды, ол әлемдік рейтингте 659-орында тұр.

Компанияның қалған 49% үлесі бірнеше акционерге тиесілі: 24,5%-ы – Eurasia Construction компаниясының меншігі. Бұл компанияның иелері – Асқар Әубәкіров пен Қайрат Қырымов. 15%-ы Жұмабике Жылбаева иеленетін «Позитив-А» компаниясына, ал 9,5% Раушан Сағдиеваның FCI Management LLP компаниясына тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз