Алматыдағы Ботаникалық бақ дауылға байланысты жабылады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ботанический сад
Алматыдағы Ботаникалық бақ 10 сәуірге дейін жабық болады / Фото: shutterstock

Алматыдағы Ботаникалық бақ дауылға байланысты жабылады. Бұл туралы бақтың инстаграмдағы парақшасында жазылған.

«Құрметті саябақ қонақтары! Қалада кеше болған дауылға байланысты ботаникалық бақ келушілер үшін 10 сәуірге дейін жабық», – делінген инстаграм парақшасында.

Саябақ әкімшілігінің мәліметінше, 7 сәуір күнгі дауыл кезінде бақтағы ағаштар құлап, бұтақтар сынған. Сол себепті ботаникалық бақтың айналасында жүру қиынға соққан.

Сонымен бірге әкімшілік басқа да ағаштардың жай күйін тексеріп, олар келушілер үшін қауіп төндірмес үшін арнайы шаралар қабылдайды.

«Қауіпті ағаштар құлап, қауіп тудырмас үшін қоғамдық аумақты тазарту, сондай-ақ ағаштардың жағдайын тексеру қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деп хабарлаған бақ әкімшілігі.

Сондай-ақ оқыңыз