Эпидемиологтар кенеден сақтануға шақырды

Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биыл кенелердің ерте оянғанын ескертеді. Өңірде осы көктемде 5 адамды кене шағып үлгерген. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызмет хабарлады.
«Ауа райының жылы байланысты кенелер белсенділігі биыл бұрынғыға қарағанда ертерек басталды. Сәуір айының басында осы жылы алғаш рет кене шаққаны туралы ақпарат тіркелді. Ал алғаш кене шағу жағдайы 2024 жылы сәуір айының соңында тіркелген», – делінген баспасөз хабарламасында.
Департаменттің мәліметінше, Қостанайда – 1 адамды, Рудныйда – 2 адамды, Әулиекөл ауданында – 1 адамды, Қарасу ауданында – 1 адамды кене шаққан.
Эпидемиологтар зиянды жәндіктердің барлық жерде, далалық және орманды алқаптаржа жүретінін және қалада да кездесетінін ескертеді. Ал кене шағып алған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Олар қауіпті инфекциялық ауру таратушысы. Сондықтан сақ болған абзал.
Кенелерден қорғану үшін табиғат аясына шыққанда дұрыс киініп, репелленттер пайдаланған абзал. Таудан немесе орманнан оралған соң, міндетті түрде отбасының адамдарын, балалардың денесін тексеріп шыққан дұрыс.