Жол таңбаларына бөлінген 272 млн теңгені жымқырған шенеунік сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Жол таңбаларына бөлінген 272 млн теңгені жымқырған шенеунік сотталды / Shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Ақтөбе қалалық сотында жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бөлінген қаражатты жымқырған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры сот шешімімен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратураның мәліметінше, Актөбе қаласының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры жалған келісімшарт жасау жолымен бюджет қаражатын жымқырған. Мекеме басшысы жеке кәсіпкермен алдын-ала келісіп, жол таңбаларын салу бойынша 272 млн теңгеден астам сомаға жалған келісімшарт жасаған.

Қағаз жүзінде қомақты қаражат бөлінгенімен, іс жүзінде ешқандай жұмыстар жүргізілмеген. Мекеме басшысы бұл қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажетіне жұмсаған.

Сот бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған шенеунікті мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Оған көмектескен мердігер кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айырылып, 7 жылға сотталған.

Сондай-ақ оқыңыз