Әлемде өлім жазасы тым көп қолданылып жатыр – Amnesty International

Әлемде өлім жазасы тым көп қолданылып жатыр. 2024 жылы 1518 адам өлім жазасына кесілген. Бұл – 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Бұл туралы Amnesty International ұйымы жыл сайынғы баяндамасында айтылған.
Жазаның 91 пайызы қай елдерде қолданылады?
Әлемде өлім жазасы Таяу Шығыста көп тіркеліп отыр. Иран, Ирак және Сауд Арабиясы бұл жазалардың 91%-ға жетіп отыр.
Ұйымның бас хатшысы Аньес Калламар өлім жазасын «заманауи әлемде орынсыз, адам құқығын бұзатын қатыгез жаза» деп атады. Оның айтуынша, кейбір мемлекеттер өлім жазасын наразылық танытушылар мен этникалық азшылықтарға қарсы құрал ретінде пайдаланып отыр.
Қытай, Иран, Сауд Арабиясы, Ирак және Йемен — әлемде өлім жазасын көп қолданатын елдер. Алайда Қытай, Солтүстік Корея және Вьетнамдағы нақты деректер жарияланбай отыр.
Есірткі қылмысына 40 пайызы тиесілі
2024 жылы 40%-дан астам өлім жазасы есірткіге байланысты қылмыстар үшін беріліпті. Бұл – халықаралық құқық талаптарына қайшы. Amnesty International бұл тәжірибені адам құқықтарын бұзу деп санайды. Өйткені есірткімен байланысты қылмыстар ең ауыр қылмыс санатына жатпайды.
Бұған қарамастан, әлемде өлім жазасын жою үрдісі байқалады. Бүгінде 113 мемлекет өлім жазасын толығымен жойса, 145 ел оны заң жүзінде немесе тәжірибе жүзінде қолданбайды. 2024 жылы Зимбабве бұл жазаны алып тастаса, Малайзияда реформалар арқасында 1000-нан астам адам өлім жазасынан құтылды.
Нәтиже қандай?
«Агитация нәтиже береді», — дейді Калламар. Мысалы, Жапонияда 50 жыл өлім жазасына кесілгендер камерасында отырған Хакамада Ивао ақталған. Ал АҚШ-та әділетсіз сот үкімімен өлім жазасына кесілген Рокки Майерске рақымшылық жасалды.
Amnesty International бұл өзгерістердің адам құқықтары үшін күрестің жемісі екенін айтады.
Бұрын Иранда өлім жазасына кесілгендер саны артқаны жайлы жазған едік.