Қытай әскерилері Украина аумағында соғысып жатыр – Зеленский

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Қытай әскерилері Украина аумағында тұтқынға түскен/фото: KursivMedia мұрағаты
Қытай әскерилері Украина аумағында тұтқынға түскен/фото: KursivMedia мұрағаты

«Қытай әскерилері Украина аумағында соғысып жатыр». Украина президенті Владимир Зеленский тұтқынға түскен екі қытайлық жөнінде осылай деп мәлімдеді.

Ол Донецк облысында ұстаған екі қытай әскерін – алаңдатарлық белгі деп атады.

«Қытай Иран мен КХДР-дан кейін Ресейге әскери қолдау көрсетіп отырған үшінші елге айналды. Бірақ басты айырмашылығы – қытайлықтар Украина аумағында тікелей соғысып жатыр», – деді Зеленский.

Вашингтонға талап

Зеленский Украина Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігіне қытайлық әріптестерімен дереу байланыс орнатып, ресми түсініктеме талап етуді тапсырды.

Оның пікірінше, Украина бірнеше елмен қатар соғыса алмайды. Бұл жағдайды АҚШ-тың Киевпен емес, Мәскеумен талқылауы тиіс екенін айтты.

Президент Зеленский мұның алдында 8 сәуірде екі Қытай азаматын тұтқынға алғанын хабарлады. Олар Донецк облысында Ресей қарулы күштері жағында соғысқан.

Ол украин тарапының тұтқындардың құжаттары, банк карталары мен жеке деректерін иеленіп отырғанын нақтылады.

«Путин соғысты жалғастыруға дайын»

«Оккупанттардың құрамында мұндай Қытай азаматтары екеуден көп деген ақпарат бар», – деп жазды Зеленский.

Ол дереу Украина Сыртқы істер министріне Бейжіңмен байланысып, Қытайдың бұл жағдайға қалай әрекет ететінін анықтауды тапсырды.

«Ресейдің бұл соғысқа Қытайды тікелей немесе жанама түрде тартуы – Путиннің соғысты аяқтау емес, оны жалғастыру үшін бәріне баруға дайын екенін білдіретін айқын белгі», – делінген жазбада.

Украина президенті бұл жағдайға АҚШ, Еуропа және бүкіл әлем бейбітшілікті қалайтын барлық елдердің жауап беруін сұрады.

Қазіргі уақытта тұтқындалған Қытай азаматтары Украина Қауіпсіздік қызметінің (СБУ) қолында.

Украинадағы соғыста жүрген Қытай жалдамалылары

Бұл жайында 2025 жылдың ақпан айында «Азаттық Радиосы» да хабарлаған еді. Бұл БАҚ Ресей тарапынан Украинаға қарсы соғыста соғысып жатқан шетелдік жалдамалылар туралы материал жариялады. Журналистер Ресей Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелердегі науқастар базасын талдаған еді. База бас әскери-медициналық басқармасына (ГВМУ) қарайды.

Бұл базаны оларға Францияға қашып кеткен әскери дәрігер Алексей Жиляев ұсынған.

Атап айтқанда, журналистер Қытай Халық Республикасының 36 жастағы азаматы Дуань Вэйді анықтаған. Ол журналистермен хат алмасу барысында соғысқа қатысқанын растады.

Мұның алдында Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады.

Сондай-ақ оқыңыз