Трамптың байлығы 500 миллион долларға қысқарды – Forbes

Трамптың байлығы бір апта ішінде 500 млн долларға қысқарған. Бұған әлемдік нарықты құлдыратқан ауқымды кедендік тарифтер түрткі болды.
Нақты айтқанда, 4,7 млрд доллардан 4,2 млрд долларға дейін, яғни 500 млн долларға кеміген.
Коммерциялық жылжымайтын мүлік те арзандаған
Forbes хабарлауынша, ең көп шығынды Trump Media and Technology Group көрді. Компания акциялары үш күн ішінде 8%-ға құлдыраған. Трамптың осы жобадағы үлесі – 2,2 млрд доллардан 2 млрд долларға дейін. Яғни 200 млн долларға қысқарды.
Коммерциялық жылжымайтын мүлік те арзандап, жалпы құны 660 млн доллардан 570 млн долларға дейін төмендеді. Бұған Trump Tower мен 40 Wall Street секілді объектілер кіреді. Сонымен қатар Трамптың серіктесі Vornado Realty Trust акциялары 14%-ға, SL Green 15%-ға төмендеді.
Лицензиялық бизнес 15 млн доллар жоғалтты
Гольф клубтары 70 млн доллар жоғалтты. Vail Resorts пен Topgolf Callaway Brands секілді компаниялардың акциялары 15%-ға арзандады. Trump National Doral сияқты қонақүй активтері 16%-ға, яғни 65 млн долларға азайды. Лицензиялық бизнес 15 млн доллар жоғалтты.
Тұрғын үй жылжымайтын мүлкі де 13% құлдыраудың нәтижесінде 20 млн долларға арзандады. Mar-a-Lago резиденциясы 5%-ға, яғни 32 млн долларға төмендеді. Бұл Трамптың байлығын қысқартқан жалғыз фактор емес.
Криптоактивтер 32 млн долларға азайған
Blue Owl Capital компаниясындағы Трамптың үлесі (құны $5-25 млн) 22%-ға кеміді. Сонымен қатар Ethereum криптовалютасының 18%-ға құлдырауына байланысты криптоактивтер де шамамен 32 млн долларға азайған.
2025 жылдың 2 сәуірінде Дональд Трамп жаһандық өзара тарифтер енгізді. Бұл шешім әлемдік нарықтардың құлдырауына алып келді. 3-4 сәуір күндері АҚШ-тың қор нарығы 6,6 трлн доллар жоғалтты – бұл тарихтағы ең ірі екі күндік құлдырау. Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғалы бері нарықтың жалпы шығыны 11,1 трлн долларға жетті.
Трамптың байлығы ғана емес, өзгелердің де қалтасы жұқарып жатыр. Тарифтік саясаттың нәтижесінде әлемнің ең бай 500 адамы екі күн ішінде 536 млрд доллар жоғалтты.
Сондықтан миллиардерлер Трамп саясатына қарсы шығып жатыр