АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия және Қытайда – сәуір айына арналған шетелдік грант және тағылымдама бағдарламалары 

Жарияланды
грант бөлінген
Фото: kursiv.media

Шетелде оқып көруді армандайсыз ба? Бұл арманның ерте-кеші болмайтынын да білетін боларсыз? Бұған қоса қазір тегін оқып, барлық шығыныңды өз мойнына алатын оқу бағдарламалары мен әлемдік рейтингте үздік саналатын университет те көп. Kursiv Media сәуір айындағы тегін оқу бағдарламаларының, шәкіртақы беретін университеттер мен тағылымдама өтуге болатын оқу орындарының тізімін әзірледі.

Түркиядағы Коч университетінің 2025-2026 оқу жылына арналған шәкіртақысы

Коч университеті 1993 жылы ашылған және бүгінде бұл оқу орны Түркиядағы үздік университеттердің бірі болып есептеледі. 2019 жылдан бастап жоғары оқу орны шетелден келген студенттер үшін арнайы шәкіртақы бағдарламаларын ұсынады. Бұл бағдарлама бакалавр, магистратура, докторантура студенттерін және докторантураның бітіргеннен кейін зерттеу жұмысын жүргізіп жүрген ғалымдарды да қамтиды. 

Шәкіртақы оқу ақысының 100%-н, баспана шығынын өтейді және бұған қоса студентке ай сайын шәкіртақы беріледі, әуе билеттерінің шығыны мен медициналық сақтанудыру шығыны да шәкіртақы есебінен жабылады. Сонымен қатар студентке тіл курстары және мәдени іс-шараларға тегін қатысу мүмкіндігі ұсынылады. 

Бағдарлама бойынша бакалавриатқа бес грант, магистратураға 10 грант, Ph.D докторантураға 20 грант бөлінген. 

Өтініш беру мерзімі қашан аяқталатыны көрсетілмеген.

Оңтүстік Кореядағы GIST 2025 шәкіртақысы

Кванджу ғылым және технология институты (GIST) – Оңтүстік Кореядағы жетекші университеті. Оқу ордасы 1993 жылы мемлекет басшысының қолдауымен ашылған. Әлемдік рейтингте жоғары оқу орны 228-орын алса, Оңтүстік Корея университеттерінің тізімінде GIST төртінші орында тұр.

GIST барлық сала бойынша магистратура және докторантура дәрежесін оқығысы келетіндер үшін шәкіртақы ұсынады. 

Студенттерге ай сайынғы шәкіртақы беріледі. Университет магистр дәрежсін оқып жатқан білімгерлерге айына 140 000 вон (95 АҚШ доллары), ал доктор дәрежесінде оқитын ғалымдарға айына 295 000 вон (200 АҚШ доллары) шәкіртақы төлейді. 

Сонымен қатар шәкіртақы иегерлеріне жыл сайынғы медициналық тексеру тегін болады.

Өтініш беру мерзімі: 2025 жылы 14 сәуірге дейін жалғасады.

Окинава ғылым және технологиялар институтында тағылымдамадан өту

OIST институты STEM саласы бойынша институттың тағылымдама бағдарламалары аясында оқып, зерттеу жүргізу мүмкіндігін ұсынады. Әдетте тағылымдама мерзімі 3-6 айға созылады.

Қатысушыларға әуе билеттері, кампус территориясынан баспана, жол ақысы және бір жұмыс күніне есептелген 2400 иен шәкіртақы ұсынылады. 

Өтініш беру мерзімі: 2025 жылғы 15 сәуірге дейін аралықта болады.

Қытайдағы CSC Бейжің технологиялық институтының шәкіртақысы

Пекин технологиялық институты – Қытайдағы халықаралық білім беру стандартын ұстанатын жетекші университеттердің бірі. Университетте магистратура мен докторантурада оқитын студенттер үшін барлық академиялық бағыт бойынша шәкіртақы қарастырылған.

Мұнда оқудың артықшылығы көп, мысалы студентке зертханада түрлі тәжірибе жасап, тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі, оқулық пен кітап қоры өте үлкен, университет кампусында немесе одан тыс жердегі баспана шығынын оқу орны өтеп береді. Студенттер үшін медициналық сақтандыру бойынша кешенді жүйе іске қосылған. Сонымен қатар магистратура студенттеріне баспана үшін айына 3000 юань (485 доллар), докторантурада оқитындар үшін 3500 юань (565 доллар) жәрдемақы төленеді.

Өтініш беру мерзімі: 2025 жылғы 15 сәуірге дейін.

Transilvania Academica 2025 шәкіртақысы

TAS бағдарламасы баклавриат, магистратура және докторантура студенттеріне арналған. Оның басты мақсаты – университтеттің халықаралық аренадағы танымалдығын арттыру. Қатысушыларға қойылатын басты шарттардың бірі – өтінім беруші ЕО территорисынан тыс аймақта өмір сүруі керек.

Шәкіртақы оқу шығынын жабады, университет жатақханасынан тегін тұратын жер береді және 170 АҚШ доллары көлемінде ай сайынғы жәрдемпұл да төленеді.

Өтініш беру мерзімі: 2025 жылғы 25 сәуір аралығы.

Хэнаньдағы CSC университетінің шәкіртақсы

Орталық Оңтүстік университеті Қытайдың ең үздік 30 жоғары оқы орнының қатарына кіреді. Университет 2017 жылдан бері магистратура мен докторантура студенттеріне шығынды толық немесе жартылай өтейтін грант бағдарламаларын ұсынып келеді. Оқу орны әр студентке кампуста тегін тұру мүмкіндігін береді, мединицалық сақтандыру және ай сайынғы шәкіртақы да қарастырылған.

Өтініш беру мерзімі: 2025 жылғы 31 мамырға дейін.

Гарвард бизнес мектебінде тағылымдамадан өту бағдарламасы

Гарвард университетінің MBA бағдарламасы – әлемдегі ең жоғары бағаланатын академиялық бағдарламаларың бірі. Boustany Foundation қоры студенттерге осы бағдарлама аясында шәкіртақы иегері болу мүмкіндігін сыйлайды.

Шәкіртақы оқу ақысын 75%-н, саяхат пен баспанаға кететін шығынды, Монакодағы Boustany Foundation қорының офисінде екі апталық тағылымдама шығындарын жабады.

Өтініш беру мерзімі: 2025 жылғы 31 мамыр айына дейін.

Айта кетейік, биылдан бастап мектеп түлектері де ҰБТ тапсырмай-ақ, «Болашақ» бағдарламасына тапсыра алады. Аталмыш заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпан айында қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз