Биржадан тыс сауда-саттықта банктердің доллар мен еуроға деген сұранысы азайған

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Доллар мен еуроға сұраныс азайды / Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Наурызда биржадан тыс сауда-саттықта банктердің доллар мен еуроға деген сұранысы төмендеді. Дәл солай рубльді де сатып алу азайды. Бұл туралы Ұлттық банктің биржадан тыс операциялар туралы статистикасында жазылған.

Доллар мен еуро саудасы төмендеді

Наурызда қазақстандық банктер 7 млрд теңгеге доллар сатып алып, 7,4 млрд теңгеге тең көкқағаз сатқан. Сатып алу көлемі ақпан айындағы көрсеткішпен (8,3 млрд) салыстырғанда 14,7%-ға аз. Оның ішінде бейрезидент шетелдік банктермен жасалған операция көлемі 4,9 млрд, ал резидент банктермен жасалған сауда 2,1 млрд теңгені құрайды.

Бұл аралықта долларды бағамы 499-500 теңге аралығында болды

Дәл осылай еуро-теңге жұбындағы операциялар да азайған. Наурызда 2,7 млрд еуро сатып алды. Бұл ақпандағы көрсеткішпен (43,5 млрд) салыстырғанда 93%-ға аз. Ал өткен айдағы еуропалық валютаны сату көлемі 4,0 млрд-қа тең. Қызығы, бейрезидент банктермен еуромен сауда операциялары мүлде жүргізілмеген.

Рубльге деген сұраныс та азайды

Наурыз айында биржадан тыс сауда-саттықта рубльді сатып алу көлемі 35,1 млрд рубльді құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда екі есе (62,9 млрд рубль) аз. Бірақ ресейлік валютаны сату көлемі едәуір артқан. Осы жылы ақпанда 15,6 млрд рубль, ал наурызда 20,7 млрд рубль саудаланған.

Ескеретін нәрсе, осы жылы қазақстандық банктер теңгемен несие беруді азайтып, шетелдік валютамен несие беру көрсеткішін көбейткен. Жалпы ақпан қорытындысы бойынша, отандық банктер 449 млрд теңге таза пайда тапты. Бұл былтырғымен салыстырғанда 15,2% артық.

Сондай-ақ оқыңыз