«Байқоңыр» ғарыш айлағынан Союз кемесі ұшты – фоторепортаж

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан үш ғарышкер әуеге көтерілді / фото: REUTERS/Maxim Shemetov

8 cәуірде таңертең Байқоңыр ғарыш айлағынан әуеге көтерілген «Союз-2.1а» зымыран тасығышы «Союз МС-27» кемесін ғарышқа алып шықты.

Экипаж құрамында ресейлік ғарышкерлер Алексей Зубрицкий пен Сергей Рыжиков, сонымен бірге NASA ғарышкері Джонни Ким бар деп жазды Reuters.

фото: REUTERS/Maxim Shemetov

Союз 8 сәуірде Астана уақытымен сағат 14.04-те Халықаралық ғарыш станциясына түйіседі.

фото: REUTERS/Maxim Shemetov

Союз орбитаға сәтті көтерілді. Антенналары мен күн батареялары дұрыс ашылды деп жазды RBC. Зымыранның Байқоңырдан қалай көтерілгенін Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі тұрғындар бақылай алды.

фото: REUTERS/Maxim Shemetov

Ғарыш кемесі Жерге 2025 жылғы 9 желтоқсанда қайта оралады. Ғарышкерлер миссия барысында 50 ғылым тәжірибе өткізіп, екі мәрте ашық ғарышқа шығады.

Қазақстан аумағында орналасқан «Байқоңыр» ғарыш айлағынан алғаш рет 64 жыл бұрын зымыран ұшырылған.

Сондай-ақ оқыңыз