Дженнифер Лопес жазда Астанада концерт береді

Жарияланды 8 Сәуір 2025 08:25

(жаңартылды 8 Сәуір 2025 15:44)
Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Поп-жұлдыз Дженинифер Лопес алғаш рет Қазақстанда концерт өткізеді / фото: REUTERS/Alessandro Garofalo

Әйгілі поп-жұлдыз Дженнифер Лопес 2025 жылғы 1 тамызда Астанада концерт береді. Up All Night әлемдік туры аясындағы шоу «Астана Аренада» өтеді.

Бұл оның Қазақстандағы алғашқы ірі концерті.

«Биыл жазда менің бірнеше ерекше концертім өтеді. Сіздермен кездесетін уақытты асыға күтемін. Көріспегелі көп болды. Осы жаз қызықты өткелі отыр», — деп жазды Лопес Instagram әлеуметтік желісіне.

Америкалық жұлдыздың әлемдік турында 17 қала көрсетілген. Ол 1 шілдеде Түркияның Анталья, Ыстанбұл қалаларында басталып, Астана мен Ереванда аяқталады. Бұған қоса, JLo Кадис, Малага, Мадрид, Барселона, Варшава, Будапешт және Бухарест қалаларында концерт өткізеді.

55 жастағы Дженнифер Лопес R&B, поп, латин, хип-хоп, данс жанрларында ән шырқайды.

Сондай-ақ оқыңыз