МАГАТЭ: 2080 жылға қарай уран қоры сарқылады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Әлемде атом энергетикасы қарқынды дамып жатыр / фото: REUTERS/Isabel Infantes

Ядролық энергия жөніндегі агенттік пен Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттігі сейсенбі, 8 сәуірде «Қызыл кітап» баяндамасын жариялап, 2080 жылға қарай анықталған уран қоры сарқылатынын ескертті.

Қазақстан әлем нарығындағы уранның 43%-ын беріп отыр.

Financial Times мәліметінше, қазір әлемде ядролық энергетикаға қызығушылық 1970-жылдардағы мұнай дағдарысы кезеңіндегідей өте жоғары. 2020 жылдан бергі уақыттағы үш жылда ядролық энергетикаға салынған жыл сайынғы инвестиция шамамен 50 пайызға артқан. АЛ 2050 жылға қарай ядролық қуат 130%-ға күшейеді. Осы қарқын сақталар болса, 2080 жылға қарай әлемде қазіргі белгілі уран қорларының бәрі сарқылады.

АҚШ, Ұлыбритания және Оңтүстік Корея ядролық энергетикасын 2050 жылға қарай едәуір арттыру көздеп отыр. Microsoft, Amazon секілді алпауыт компаниялар да ядролық энергетикаға инвестиция құйып жатыр. Олар озық технологияға, қуатты мәлімет қоры орталықтарына, жасанды интеллект жүйелеріне баса назар аударады.

Сала өкілдері батыстың энергетика компаниялары сұраныс артуына байланысты уран тапшылығы туындай ма деп қауіптенеді.

Уран қоры көп ел

Қазақстан – ірі уран өндіруші ел. 2022 жылы республика әлемде өндірілген уранның 43 пайызын берген. Кейінгі жылдары Қазақстан уранды Ресей мен Қытайға көбірек, ал АҚШ пен Еуропаға азырақ сатқан.

2022 жылы Қазақстан өндірген уран көлемі Канада, Намибия, Австралия және Өзбекстан секілді төрт ел өндірген өнімнен де асып түсті.

МАГАТЭ есебінде 2023 жылы әлемде шамамен 8 млн тонна уран қоры анықталғаны, біраұ олар ғасыр соңына қарай сарқылатыны жазылған.

Аса көп барланбаған уран қорлары бар. Зерттеушілер инвестиция басқа да белгісіз қорларды анықтайды деп үміттенеді.

Қазақстан 2024 жылы уран өндірісін 10% арттырды. 2023 жылы бұл көрсеткіш 21 112 тонна болса, 2024 жылы елімізде 23 270 тонна уран өндірілді. Алайда былтыр сатылған уран көлемі 8%-ға азайып, 16,6 мың тонна болды.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының 2024 жылғы таза пайдасы екі есе өсіп, 1,13 трлн теңгеге жетті

Сондай-ақ оқыңыз