Фермерлерге өз жерінде агротуризммен айналысуға рұқсат берілмек

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Министр өңір әкімдеріне туристік инфрақұрылымдар салуды тапсырды / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңір әкімдеріне елдімекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылымды салуды тапсырды. Сондай-ақ облыстарда жеке туризм басқармаларын құруды ұсынды. Ал фермерлерге өз учаскелерінде агротуризммен айналысуға рұқсат берілмек.

«Әкімдіктерге елдімекендерден тыс жерлерде, оның ішінде ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу бойынша заңнамалық өкілеттіктер беру. Бұл – негізгі бастамалардың бірі. Аталған мәселе егжей-тегжейлі пысықталды.Туристік дестинацияларда инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруға бағытталған жеке бюджеттік бағдарлама әзірленетін болады»,– деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ведомство басшысы аймақтарда туризмді дамытуға басымдық беру жеке туризм басқармаларын құру қажет деп санайды. Бүгінде тек мұндай басқарма тек бес өңірде ғана барын айтады.

Ербол Мырзабосынов шаруаларға арготуризммен айналысуға рұқсат беру мәселесін де көтерді.

Министрдің мәлімдеуінше, қазір елде 200 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Агротуризмді дамыту үшін шаруаларға өз учаскелерінде айналысуға мүмкіндік жасауды ұсынды.  Мырзабосынов бұл бастама жүзеге асса, ауыл тұрғындары үшін де қосымша жұмыс орындары ашылып, ауылдардың әл-ауқаты артады деп санайды.

Еске салайық, Үкімет Бурабай курорттық аймағын дамыту үшін 137,2 млрд теңге бөлетін мәлім еткен болатын. Аймақты дамыту аясында жыл бойы жұмыс істейтін туристік нысандар салу, экологиялық және спорттық туризмді өркендету жоспарланған

Сондай-ақ оқыңыз