Тоқаев журналист Лев Тараковтың жақындарына көңіл айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев журналист Лев Тараковтың жақындарына көңіл айтты
Тоқаев журналист Лев Тараковтың жақындарына көңіл айтты/фото: ашық дереккөз

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист Лев Тараковтың жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Шығармашылық династияның талантты өкілі Лев Юрьевич отандық журналистиканың дамуына, жас мамандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Ол әріптестері арасында зор абырой мен құрметке бөленіп, кәсібилік пен өз ісіне адалдықтың үлгісін танытты», – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 2025 жылдың 9 сәуірінде танымал журналист, қоғам қайраткері, «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараков 59 жасында дүниеден озды.

Сондай-ақ оқыңыз