Жаңалықтар

Енді ажырасатындарға салынатын салық көбейеді, ал бойдақтарға ше

Енді ажырасатындарға салынатын салық көбейеді,
Енді ажырасатындарға салынатын салық көбейеді/Коллаж KursivMedia

Мәжілістегі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Берік Бейсенғалиев ажырасатындарға салынатын баж салығының мөлшері көбейтілетінін айтты.

Оның сөзінше, бұл адамдар ажыраспас бұрын ойлануы, эмоциямен шешім қабылдамауы үшін енгізілгелі отыр.

«Бұл жедел шешімдерді тежейді, таразыланған шешім қабылдауға ықпал етеді деген пікірдеміз. Әсіресе, жас отбасылар үшін» – дейді ол.

Депутат ажырасуға салынатын баж салығы 20 АЕК көлемінде белгіленіп отырғанын жеткізді. Бұл – 79 640 теңге.

Депутат мұндай шара ажырасу мәселесін толық шешіп тастамаса да азайтуға себеп болады деп топшылайды

Берік Бейсенғалиев отбасын сақтап қалу қоғам үшін маңызды міндет екенін тілге тиек етіп, жаңашылдықты жеке адамдардың өміріне қол сұғу деп қабылдамайтынын мәлім етті.

Алайда бойдақтарға үйленбей жүргені үшін салық салуды артық санайды.

2021-2023 жылдары некені бұзу туралы соттар қараған істер саны осы кезеңде ажырасу деректерінің артқанын көрсеткен. Алайда бес жылғы деректер бойынша ажырасу азайған.