Олигархтардан қайтарылған қаржыға Түркістан облысындағы 66 ауыл ауызсумен қамтылады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Олигархтардан қайтарылған қаржыға Түркістан облысындағы 66 ауыл ауызсумен қамтылады
Олигархтардан қайтарылған қаржыға Түркістан облысындағы 66 ауыл ауызсумен қамтылады/Фото: shutterstock

Ел үкіметі Түркістан облысындағы ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін хабарлады.

Үкімет аталған бағытқа жұмсалатын қаржыны заңсыз иемденілген активтер есебінен алмақ.

«Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы магистралды су құбырын реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоба 260 мыңнан астам тұрғыны бар 66 ауылды сумен қамтамасыз етуге бағытталған» – делінген хабарламада.

Жобаның жалпы құны шамамен 6,5 млрд теңгені құрайды. Онда 34,3 шақырым желі құрылысы қарастырылған, оның 20,8 шақырымы бұрын бөлінген қаражат аясында төселген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қалалық жерлерде 99,4%-ды, ауылдық елдімекендерде 97,8%-ды құрайды. Түркістан облысы бойынша қала – 100%, ауылдар 98,1% ауызсумен қамтылған.

Былтыр олигархтар мен жемқорлардың заңсыз иемденген активтерінің 670,5 млн доллары елге қайтарылған

Сондай-ақ оқыңыз