Freedom Bank ақпанда халықтан көп қаржы тартқан банктердің үштігіне енді

2025 жылдың ақпан айында екінші деңгейлі банктердің депозит портфелі сәл (-0,05%) қысқарып, 41,3 трлн теңгені құрады. Соның ішінде халықтың салымы 24,1 трлн теңгеге жетіп, 0,1% немесе 12,6 млрд теңгеге өскені байқалды. Бірақ бұл өсім дәстүрлі ірі банктерге емес, орта сегменттегі ойыншыларға тиесілі.
Бұл айда халық қаржысын сеніп тапсырған банктердің үштігіне Отбасы банк, Freedom Bank және Банк ЦентрКредит енген. Бұл туралы Ұлттық банк деректеріне сүйене отырып The Tenge сайты жазады.
Халық ақшасын қайда салады?
Жоғарыдағы үштіктің арасында Отбасы банкіндегі депозит жоғары өсім байқатқан. Бір айда түрғын үй операторының клиенттері шотына 103,9 млрд теңге салған. Қаржым ұйымындағы депозит көлемінің артуы негізінен оның мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруымен байланысты.
Бұл ретте халық бір айда 26,3 млрд теңгесін Freedom Bank-тегі депозитіне салған. Freedom Bank жыл басынан нарық ойыншыларыныі басым бөлігін артта қалдырып, тұрақты қарқынмен қаражат тартып келеді. Қазір жалпы депозит портфелі 1,1 трлн теңгені құрайды, соның 626 млрд теңгесі – халықтың қаржысы болса, 476 млрд теңгесі бизнестің салған депозиті.
Банк ЦентрКредиттегі халықтың депозиті 13,2 млрд теңгеге толықса, Bereke Bank -тегі жеке тұлғадардың жинаған қаражаты 11,1 млрд теңгеге өскен.
Қай банктегі депозит көлемі азайды?
Ақпан айында банктердің жартысынан астамында жеке тұлғаларға тиесілі депозит азайған. Ең ірі қаражат ағысы Kaspi-ден байқалды. Бұл банктерге депозитінен қазақстандықтар 88,2 млрд теңгесін шешіп алған. Сонымен қатар, Евразиялық банк (–₸28,3 млрд) және Forte Bank (–₸15,1 млрд) көрсеткіші айтарлықтай азайған.
Одан бөлек, жеке тұлғаларға тиесілі депозит көлемі Нұрбанк (–5,1%), Altyn Bank (–2,2%) және Jusan Bank (–0,5%) банктерінде қысқарды.
Бизнестің белсенділігі бәсеңдеді ме?
Ақпан айында бизнестің депозитіндегі қаржы да қысқарған. Жалпы депозит портфелінің көлемі 0,2%-ға (немесе 32 млрд теңгеге) азайып, 17,2 трлн теңгені құрады. Бұл – кейбір ірі кәсіпорындар уақытша қаражатын кері қайтарып алғанының белгісі.
Бизнес Отбасы банкі(-82 млрд тг), БЦК (-72 млрд тг) мен Jusan Bank-тегі (-59 млрд тг) депозитте сақтаған қаржысын шешіп алған.
Дегенмен, бұл бағытта оң тренд жоқ емес. Халық банкі бизнестен 110,5 млрд теңгеге дейін қаражат тартқан. RBK мен ForteBank те тиісінше +57,3 млрд және +36,4 млрд теңге көлемінде өсім көрсетті.
Депозит сыйақысы қандай?
Ақпанда банк секторындағы орташа сараланған депозит мөлшерлемесі 8,1% құрады. Бұл — базалық мөлшерлемеден (шамамен 15-16%) екі есе төмен көрсеткіш.
Мұндай айырмашылық бірнеше себепке байланысты. Біріншіден, квазимемлекеттік сектордың төмен мөлшерлемемен үлкен көлемде қаражат орналастыруы жалпы нарықтық көрсеткішті төмендетеді. Бұл — инфрақұрылым және өндірістік жобаларды арзан қаржыландырудың тетігі.
Екіншіден, шетелдік банктердің еншілес құрылымдары – арзан әрі ұзақмерзімді қорландырумен қамтамасыз етілген. Алайда бұл қаражат, көбіне, активті несиелеуге емес, өтімділік пен есеп айырысу операцияларына бағытталады.
Ал жеке салымшылармен жұмыс істейтін банктер, әсіресе ипотека және тұтынушылық несиеге маманданғандар, жоғарырақ мөлшерлеме ұсынуға мәжбүр. Себебі, олардың басты капиталы — қарапайым халықтың жинағы.