Қазақ мұнайын Теңіз терминалында экспорттау құрылғысының бірі іске қосылды

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстан үшін маңызды мұнай құрылғысы жұмыс істей бастады / фото: КҚК

Каспий құбыр желісі консорциумына (КҚК) қарасты Теңіз терминалында Ресей жұмысын тоқтатқан екі мұнай жеткізу құрылғысының бірі іске қосылды. Бұл туралы консорциумның өзі хабарлады.

КҚК мәліметінше, «Ресей кемелерді тіркеу» федералдық басқармасы осындай шешім қабылдаған. Қазір Теңіз терминалында танкерлердегі мұнайды жағалаудан алыстан сорып алатын құрылғылардың екеуі жұмыс істеп тұр.

Консорциум үшінші құрылғы жұмысына қатысты мәліметті қосымша хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірде Ресей федералдық қызметі консорциумның Теңіз терминалындағы екі құрылғыдан ақау тауып, олардың жұмысын уақытша тоқтатып тастады.

Сол кезде сарапшылар нысандар бес күнде қосылмаса, Қазақстан мұнай өндірісі кем дегенде 50%-ға төмендеуі мүмкін екенін ескерткен. Ал «Коммерсантъ» дереккөздері КҚК-мен мұнай айдау жазға дейін шектелуі мүмкін екенін айтқан.

Жақында консорциум екі құрылғы жұмысын тоқтатқан федералдық қызмет шешіміне қарсы сотқа арызданған.

Қазақстанның экспортқа шығатын мұнайының 80% дәл осы КҚК арқылы өтеді. Сол себепті ел экономикасы үшін мұнайды шетелге шығаратын маңызды құбырдың тоқтаусыз жұмыс істеп тұрғаны маңызды.

Сондай-ақ оқыңыз