Үкімет резервінен астық саласын қолдауға 40 млрд теңге бөлінді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Үкімет астық саласын қолдауға 40 млрд доллар бөлген / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Үкімет резервінен астық саласын қолдауға 40 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін резервтен 40 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл қаражат мынадай бағыттарға жұмсалады:

  • көктемгі егіс жұмыстарының сапалы жүргізілуіне;
  • 2025 жылдың өнімін қабылдау үшін астық қоймаларын босатуға;
  • қазақстандық астық экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға:
  • жаңа өткізу нарықтарын игеруге.

Астық көлемі

Үкіметтің осындай қолдауының нәтижесінде 2024 жылы 5,2 млн тонна көлемінде рекордтық көлеміде астық жиналған. Бұл көлемнің 10 млн тоннасы ішкі нарыққа бағытталады. Ал қалған 12 млн тоннасы шетелдерге экспортталуы керек болған. Министрлік мәліметінше бұл астық қоры толықтай экспортталған.

«Бүгінде бұл экспорттық әлеуеттің 10 млн тоннасы бағыттары әзірленген дәстүрлі өткізу нарықтарына, ал 2 млн тоннасы алыс бағыттар мен жаңа нарықтарда сату үшін жөнелтілді, – делінген баспасөз хабарламасында.

Министрлік 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың сәуір айына дейін 6,9 млн тонна астықты экспорттап үлгерген. Бұл көлем 2023-2024 жылдардың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 54%-ға артық.

Бұл астық көлемі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Иран, Әзербайжан сынды елдерге жөнелтілген.

Иран бағыты

Сонымен бірге Қазақстан астықтың ірі экспорттық бағытын ашқан. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен кездесіп осы мәселені талқылаған. Кездесу барысында министр Қазақстанның Иран еліне жылына 2 млн тонна көлемінде астық экспорттауды көздеп отырғанын мәлімдеген.

Екі жақты келісім нәтижесінде Қазақстан бұл елге экспортталатын ауылшаруашылық өнмі түрлерін арттырған. Олар – арпа, күнбағыс күнжарасы, ұсақ және ірі қара мал еті, өсімдік майлары, жүгері, көкөністер мен бұршақ дақылдары.

«Соңғы 10 жылда Қазақстан сіздердің нарыққа 9 миллион тоннадан астам астық, оның ішінде бидай мен арпа экспорттады. Біз бидай экспортын жылына 2 миллион тоннаға дейін, ал арпа экспортын 1 миллион тоннаға дейін арттыруға дайынбыз», – деп мәлімдеген министр.

Сондай-ақ оқыңыз