Мьянмада тағы да жер сілкінді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Таразда тағы жер сілкінді
Мьянмада тағы да жер сілкінді / Фото: kursiv.media; архив

Мьянмада 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Таиландтың метеорологиялық қызметі хабарлаған.

Метеорологиялық қызметтің мәліметінше, жер сілкінісі Мьянманың ірі қалаларының бірі Манадалайдан 60 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 14:58-де, 10 шақырым тереңдікте тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жолғы жер сілкінісі кезінде ешкім зардап шекпеген.

Еске ала кетсек, Мьянмада 28 наурыз күні жойқын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты думпулерінің магнитудасы 7,7 балды құрады. Бұл күні елдің бірқатар өңірлерінде ғимараттар құлап, адамдардың қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Нейпьидо, Мандалай және Сагайндағы мемлекеттік ауруханалардың науқастарға толып кеткені айтылды. Мьянма үкіметі әлі де жер сілкінісінің салдарымен күресіп жатыр. Жалпы табиғи апатынан қаза тапқандар саны 3564 адамға жеткені айтылады. Сонымен бірге 210 адам іс-түссіз жоғалғандар қатарында.

Бұл жер сілкінісін көршілес орналасқан Бангладеш, Үндістан, Таиланд, Лаос және Қытай елдерінде сезілді. Таиландтың Бангкок қаласында салынып жатқан ғимарат құлап, құрылысшылардың қаза тауып, біршамасы зардап шеккені туралы ақпарат тарады.

Сондай-ақ оқыңыз