Ғалымдар динозаврлардың жойылуына қатысты кең таралған аңызды жоққа шығарды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ғалымдар динозаврлардың неден қырылғанын атады/фото: gpt
Ғалымдар динозаврлардың неден қырылғанын атады/фото: gpt

Ғалымдар динозаврлардың астероид құлағанға дейін жойыла бастады деген кең таралған тұжырымды ғылыми түрде жоққа шығарды.

Current Biology ақпаратына қарағанда, жаңа зерттеулер мұны нақты дәлелдеп берген.

Тас қалдықтың табылмауы геологиялық үдеріске қатысты

Халықаралық палеонтологтар тобы бұл гипотезаны терістеді. Зерттеулерге сүйенсек, бор дәуірінің соңында динозаврлардың тасқа айналған сүйектері азайғаны рас. Алайда бұл жайт жануарлардың санының азайғанына емес, геологиялық үдерістерге байланысты оларды табу қиындаған.  

Динозаврлар астероид құлағанға дейін азайған ба?

Бұл тұжырымдарға сәйкес, динозаврлар Чиксулуб астероиды құлағанға дейін 6–9 миллион жыл бұрын азая бастаған. Ал ғаламдық апат бұл процесті жылдамдатып, түбегейлі жойып жіберді деп есептеп келген еді. Алайда соңғы мәліметтер бұл тұжырымды жоққа шығарып отыр.

Тіршілік аймақтары өзгермеген

Зерттеу авторлары компьютерлік үлгілеу тәсілін қолданған. Сонымен қатар, геологиялық деректерді сараптап, сүзгіден өткізіпті. Осы арқылы динозаврлар қоныстанған аумақтарды анықтаған. Соңғы 18 миллион жыл ішінде төрт негізгі динозавр тобының тіршілік ету аймақтары өзгеріске түспегені анықталды. Бұл – олардың таралу ауқымы мен санында елеулі өзгеріс болмағанын көрсетеді.

Динозавр сүйектерін табу неге қиындады?

Сонымен қатар, ғалымдар бор кезеңіне жататын шөгінділерді зерттеу мүмкіндігін талдаған. Бұл қабаттар қазіргі кезде көбіне ормандар өскен. Кейбір өңірлер тектоникалық қозғалыстар әсерінен бұзылыпты. Сондықтан, өңірлерде қазба жұмыстары жүргізу қиынға соғады. Динозавр қалдықтары сирек табылуының бір себебі осында жатыр.

Алып жануарлар неден қырылды?

АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Канада ғалымдары динозаврлардың жойылуының негізгі себебін тағы да бір нақтылап көрсетті. Ол – астероидтың құлауы.

Ортақ тоқтам бойынша, ғарыштан астероид құлағанға дейін, бұл алып жануарларда жойылу үдерісі болмаған. Демек, 66 миллион жыл бұрынғы ғаламдық апат – ғарыштан түскен алып тас бір сәтте жойып жіберген.

Мұның алдында 2032 жылы Жерге астероид соғысуы мүмкін екенін жазған едік.  

Сондай-ақ оқыңыз