Қытай билігі Украинада соғысып жүрген қытайлық сарбаздарға қатысты түсініктеме берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қытай билігі азаматтарын қақтығыстан аулақ болуға шақырғанын айтты/фото: Kursiv.Media мұрағаты
Қытай билігі азаматтарын қақтығыстан аулақ болуға шақырғанын айтты/фото: Kursiv.Media мұрағаты

Қытай билігі Украинада соғысып жүрген қытайлық сарбаздарға қатысты Украина президенті Владимир Зеленскийдің сөзіне жауап берді.

Мұның алдында Киев Донецк облысында Ресей армиясы жағында соғысқан  екі Қытай азаматының тұтқындалғанын айтқан. Сондай-ақ олардың саны бұдан көп екенін мәлімдеген болатын.

Newsweek ақпаратына қарағанда, Қытай билігі бұл ақпаратты Украина тарапымен бірлесе отырып тексермек.

Зеленский неден қорқады?

Украина президенті Владимир Зеленский сейсенбі күні оның әскері екі қытайлықты тұтқындағанын алға тартты. Киев Бейжіңнен ресми жауап күтіп отырғанын жеткізді. Украина Қытайдың бейтарап ел болғанын қалайды. Зеленский «Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путинге ықпал ете алады» деп үміттеніп келген еді.

Ресейдің Украинаға басып кіруіне төртінші жылға созылып келеді. АҚШ қазір Киев пен Мәскеумен бейбіт келіссөз жүргізіп жатыр. Осы тұста, украин және ресейлік күштер майдан шебінде үстем түсуге ұмтылуда. Ұстанымын нығайтып, территориялық басымдыққа ие болуды көздейді.

Қытай жауабында не деді?

«Қытай ақпаратты Украина тарапымен бірге тексеріп жатыр», – деді сәрсенбі күні Бейжіңде өткен кезекті баспасөз жиынында Линь Цзянь. Ол – ҚХР Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

«Қытай билігі азаматтарына қарулы қақтығыс аймақтарынан аулақ жүруді қатаң ескертеді. Кез келген әскери қақтығысқа араласпауға шақырады. Әсіресе, қандай да бір тараптың әскери әрекеттеріне қатыспауды әрдайым ескерту жасайды», – деп атап өтті Линь.

АҚШ Қытайды айыптады

АҚШ Мемлекеттік департаменті Қытай сарбаздарының Украина тарапынан тұтқындалуы туралы ақпаратқа алаңдаушылық білдірді. Қытайды Ресейдің Украинадағы соғысының «негізгі демеушісі» деп атады.

Бұған дейін де бұл ақпаратты ресейлік әскери Telegram арналары растаған. Украинадағы соғыс кезінде Ресей жағында жүрген қытайлық жалдамалылардың қаза тапқаны туралы хабарлаған-ды.

Сондай-ақ, қақтығысқа қатысқан Қытай азаматтары сол жақта Солтүстік Корея әскерлерінің де қаза тапқаны белгілі.

Сондай-ақ оқыңыз