Қор биржасындағы сауда-саттықта доллар қайта нығайды

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
2025 жылы доллар бағамы тағы өсе ме? /Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров
Доллар курсы 520 теңге болды /Фото: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ұлттық валюта курсы күн өткен сайын арзандап жатыр. Қазақстан қор биржасындағы кешкі саудада теңге/доллар жұбындағы орташа бағам 520,44 теңгені құрады.

8 сәуірмен салыстырғанда америкалық валюта курсы 2 теңгеге өскен. Ресейлік рубль 6,03 теңгеден саудаланды. Ал Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 519-524 теңгеден сатылып жатыр.

Ұлттық банктің ресми сайтында доллар курсы 518,57 теңге деп белгіленген.

Мұнай бағасы арзандағаннан кейін, елдегі ұлттық валюта да әлсіреп жатыр. Бірақ Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев «теңге девалвациясы» болмайтынына сенімді. Тіпті мұндай ойды айтып жүрген сарапшылармен талқы жүргізуге де дайын екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз