
«Банк ЦентрКредит» (БЦК) 2017 жылы мемлекеттен алған 60 млрд теңге көмегінің тағы 10 млрд теңгесін қайтармақ. Қаржы ұйымы көмекті алдағы 1 ай ішінде төлеуді жоспарлап отыр.
Банк баспасөз қызметінің KursivMedia сайтына берген жауабына сәйкес, банктің мемлекет алдындағы қарызы қысқарып, 30 млрд теңгесі қалады.
2024 жыл соңында БЦК мемлекеттік көмектің 20 млрд теңгесін мерзімінен бұрын қайтарғанын хабарлады.
«Банк ЦентрКредит» – Ұлттық банктің қаржы тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында ең аз көмек алған қаржы ұйымы. Сол кезде мемлекеттен 60 млрд қаржы бөліген. Оны қаржы ұйымы 2032 жылы қайтаруы тиіс болатын. Бағдарлама бойынша қаражат Қазақстандық тұрақтылық қоры (ҚТҚ) арқылы берілді.
Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттен қаржылай көмек алған банктерге қаржыны қайтаратын уақыт жеткенін ескертті.
Бұған дейін «Банк ЦентрКредит» акционерлері 2024 жылға дивиденд төлеу туралы шешім қабылдаған. 194,5 млрд теңге көлеміндегі бүкіл пайданы компанияның таза пайда қорына қосылады.
БЦК – активінің көлемі жөнінен үшінші орында тұрған ірі қаржы мекемесі. Оның акцияларының 48,5%-на Бақытбек Бейсейітов, ал 11,2%-на Владислав Ли иелік етеді.